Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Исатай аудандық мәслихаты тиісті учаскелік сайлау комиссияларының құрамына өзгерістер енгізу бойынша жұмыстар жүргізеді. Бос орындар келесі комиссияларда құрылады:
№133 учаскелік сайлау комиссиясы – 1 бос орын.
Осыған орай, кандидаттар туралы ұсыныстар 2025 жылдың 04 – 21 шілде (қоса алғанда) аралығында аудандық мәслихатқа мына мекен-жайға ұсынылуы керек:
Атырау облысы, Исатай ауданы, Егемен Қазақстан көшесі – 11, 1 – қатар, 19 – бөлме.
Құжаттарды жинауға жауапты тұлғаның аты-жөні:
Нұрлыбеков Айбек Рысбекұлы
Байланыс телефоны: 8/71231/ 2 -04-53
Электронды поштаның мекен-жайы: isatai_maslihat@mail.ru
Құжаттарды қабылдау уақыты: сенбі, жексенбі күндерінен басқа күндері сағат 9.00-дан 18.00-ге дейін.
Саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер учаскелік сайлау комиссиясының мүшелігіне ұсынылған кандидаттар тізімін Исатай аудандық мәслихатының төрағасы Рахметов Аманжол Идиятоллаевичтің атына жолдайды. Оған:
- саяси партияның немесе басқа да қоғамдық бірлестіктің, олардың Жарғыға сай тиісті өкілеттігі бар құрылымдық бөлімшелерінің отырыстарының облыстық аумақтық сайлау комиссиясына кандидат ұсыну туралы қаулыларынан көшірмелер;
- саяси партияның немесе басқа да қоғамдық бірлестіктің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің Әділет органдарында тіркелгендігі туралы құжаттың көшірмесі;
- кандидаттың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім бергендігі туралы тиісті мәслихатқа өтініші қоса тіркеледі;
- кандидаттың жеке куәлігінің көшірмесі.
Исатай аудандық мәслихаты
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-isatay-district/press/news/details/1029810?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау