САРЫАҒАШ: “ЖАЙНАЙ БЕР,ГҮЛДЕЙ БЕР АСТАНА” АТТЫ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
Бүгін “6 шілде еліміздің бас қаласы – Астана күніне” орай Сарыағаш ауданында кең ауқымды мерекелік шара ұйымдастырылды. Орталық саябақта өткен “ Жайнай бер, гүлдей бғр Астана” мерекелік шараға аудан әкімі Арман Абдуллаев арнайы қатысып, жиналған жұртшылықты Астана күнімен
құттықтады.
-Елордамыз – тәуелсіздігіміздің тірегі, еліміздің мақтанышы. Бұл күн – әр қазақстандықтың жүрегіне жақын мереке. Баршаңызды Астана күнімен шын жүректен құттықтаймын! – деді Арман Абдуллаев.
Жергілікті өнер ұжымдары мен жас өнерпаздар сахнада өз өнерлерін көрсетіп, мерекенің сәнін келтірді. Мерекелік шара аудан тұрғындарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, елорданың рухын сезінуге мүмкіндік берді.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1030354?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version