СЕНАТ ӨКІЛДЕРІ ӨҢІРІМІЗДЕ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Бүгін Төлеби ауданына Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Әли Бектаев, Мұрат Қадырбек және Әлішер Сатвалдиев жұмыс сапарымен келді.
Сапар барысында депутаттар бірқатар өндірістік және әлеуметтік нысандарды аралады. Оларға аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов пен аудандық мәслихаттың төрағасы Нұрлан Қойбағаров қатар жүріп, өңірдің даму барысы мен өзекті түйткілдер жайлы баяндап өтті.
Алдымен, сенаторлар Киелітас ауылдық округіндегі «QazaqBitum Processing» ЖШС-нің жұмысымен танысты. Қонақтарға өндіріс барысы, шикізат жеткізу тізбегі және экспорттық мүмкіндіктері таныстырылды.
Содан кейін Абай елді мекеніне барып, «Қазығұрт бақтары» және «Қарақуыс су қоймасы» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің жеміс-жидек өңдеу цехын көрді. Сенаторлар өңдеу үдерісімен, өндірістік қуаттылығымен танысты.
Сапар Ленгір қаласында жалғасып, «Мейір бейіс» колледжінің материалдық-техникалық базасын көріп, білім алушыларға жасалған жағдайлармен танысты. Бұдан кейін «KAZPLAST» ЖШС-нің арнайы киім тігетін цехының құрылыс алаңында болды.
Сенат депутаттарының жұмыс сапары аудандық білім бөлімінің мәжіліс залында өткен облыстық және аудандық мәслихат депутаттарымен кездесу арқылы қорытындыланды. Жиында жергілікті деңгейдегі өзекті мәселелер көтеріліп, бірқатар ұсыныстар талқыланды.
 
Төлеби аудандық мәслихатының баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-tolebi/press/news/details/1030253?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version