Жазғы демалыс – пайдалы әрі қауіпсіз

Жарияланды:

Автор:

категорияда

⠀ Қарағанды қаласындағы «Березняки» балалар сауықтыру лагерінде ТЖД қызметкерлері өрт және судағы қауіпсіздік тақырыбында танымдық-профилактикалық іс-шара өткізді.

Балаларға өрттің пайда болу себептері, төтенше жағдайлар кезіндегі дұрыс іс-әрекет, эвакуация жолдары және алғашқы көмек көрсету тәсілдері түсіндірілді.

Іс-шара барысында суға батып бара жатқан адамды құтқару және дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету тәсілдері демонстрациялық түрде көрсетілді. Бұл балалар мен ересектерге төтенше жағдайда қалай әрекет ету керектігін көріп, нақты түсінуге мүмкіндік берді.Сонымен қатар, өрт сөндіру және құтқару техникаларының ашық көрмесі ұйымдастырылып, балалар техниканың құрылымымен және оның мүмкіндіктерімен танысты.

ТЖД қызметкерлері қауіпсіздік ережелерін тұрмыста және жазғы демалыс кезінде сақтау маңызды екенін атап өтті. Әсіресе су айдындарының маңында, орманды аумақтарда және аптап ыстықта қауіпсіздік шараларына ерекше назар аудару қажет екенін ескертті.

Қарағанды облысы ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-karaganda/press/news/details/1030302?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version