“Прибрежное ауылы жыл сайын су тасқыны салдарынан аралда қалып қояды. Бұл мәселені шешудің жолы – автокөпір салу және облыстық жолды жөндеу, ол елді мекенді сыртқы әлеммен байланыстырып, жыл бойы көлік қатынасын қамтамасыз етпек”, – деп жазды облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов әлеуметтік желіде.
Жобаның сараптамасы жылдың соңында шығады, ал келесі жылы құрылыс жұмыстары басталады.
🪨 Бөгеттерді бетондау
Биылғы көктемгі тасқын Ущев, Былғары кенті және Биотоған бөгеттерін бетон плиталарымен нығайтудың тиімділігін көрсетті. Енді бетондау жұмыстары Тепличное мен Прибрежное ауылдарында жалғасады. Келесі кезең – Бескөл ауылы. Бұл қорғаныс құрылымдарының беріктігін нығайтып, елді мекендерді болашақтағы қауіп-қатерден қорғауға мүмкіндік бермек.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/1029880?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау