Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында Әлем кубогы кезеңінің финалдық жекпе-жектері жалғасып жатыр.
Әлем чемпионы, 85 келідегі Бекзад Нұрдәулетов финалда Үндістан боксшысы Жугну Жугнуны жеңіп кетті. Жерлесіміз гонг соғылған сәттен белсенділік танытып, 1-раундта нокдаунға да жіберді. Қалған уақытта да Бекзат басымдығын сақтап, 5:0 есебімен басым түсті.
Айта кетейік, бұған дейін 30 наурыз – 6 сәуір аралығында Бразилияда өткен Әлем кубогы кезеңінде осы салмақта Дәулет Төлемісов сенсациялық түрде топ жарған болатын.
Бекзад Нұрдәулетовтың жарыстағы жолы:
✅1/4 финал. 🇳🇿Лачлан Лаусон 5:0
✅1/2 финал. 🇹🇷Самет Ерсой 5:0
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sport/press/news/details/1030508?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау