Делегация өңірлерге жұмыс сапарын жалғастыруда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Құрамында Қазақстан Республикасы Сенаты төрағасының орынбасары Ольга Перепечина, сенатор Әсем Рахметова, сондай-ақ Мәжіліс депутаттары Еркебұлан Мәмбетов пен Дмитрий Колода бар делегация біздің өңіріміздегі жұмыс сапарын жалғастыруда.

 Сапар аясында депутаттар Кішкенекөл ауылынан Ресей Федерациясымен мемлекеттік шекараға дейінгі 213-280 км учаскедегі А-13 республикалық автожолын жөндеу барысымен танысты.

Оған қоса, депутаттар:

-«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық жобасы шеңберінде салынған фельдшерлік-акушерлік пункт;

-Бидайық ауылындағы сорғы станциясы, онда олар объектінің техникалық жай-күйімен және оның жұмыс істеуімен танысты.

Сонымен қатар, депутаттар аудан тұрғындарының өзекті мәселелері бойынша азаматтардың жеке қабылдауларын өткізді.

Жалпы, Парламент депутаттары өңірде болып жатқан оң өзгерістерді атап өтіп, заңнамалық деңгейде жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екендіктерін атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/skomaslihat/press/news/details/1030216?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version