Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Амангелді Салхудинұлының төралығымен 03.07.2025 жылы Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің кейбір мәселелері туралы мәжілісте берген тапсырмасы негізінде, оның ішінде «сыбайлас жемқорлық бұзушылықтары мен көріністерінің алдын алуға бағытталған нақты шаралар қабылдау мақсатында» департамент қызметкерлерімен жиналыс өтті.
Мәжілісте берілген тапсырмаларға сәйкес:
- Мемлекеттік еңбек инспекторларына тексеру және тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізуде сыбайлас жемқорлық бұзушылықтары мен көріністерінің алдын алуға бағытталған нұсқамаларды назарға алып жүргізуді.
- Тексеру және тергеп-тексеру жұмыстарының нәтижесі (фото суреттер, тексеру жұмысының қысқаша анықтамасы, түсіндірме жұмысының мәтіні) әлеуметтік желілерге, департаменттің ресми парақшасына жариялауды.
- Жұмыс орнында немесе тексеру жүргізу кезінде мемлекеттік қызметшіге тән іскерлік киім үлгісін ұстана отырып, әдеп нормаларын сақтауын.
Мәжіліс соңында департаменттің қызметкерлеріне тапсырмалар беріліп, мемлекеттік қызметкерлерге ескерту жасалды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkistan-enbek/press/news/details/1030072?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау