Жалпы ережелер
- «JasKeñesSiyliği» Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің (бұдан әрі – Кеңес) бастамасыменқұрылған тәуелсіз жастар сыйлығы.
- Сыйлық қазақстандық қоғам үшін маңызды салалар мен аймақтарда жұмыс істейтін және басшылық лауазымдарды атқармайтын, күнделікті жұмысы мен еңбектегі ерлігі көптеген отандастарымызға көріне бермейтін қазақстандық жас мамандардыкөтермелеу мақсатында беріледі.
- Сыйлық мына номинациялар аясында беріледі:
– «Janqiarlyq», ҚР ішкі істері мен қарулы күштері органдарының қызметкерлері үшін;
– «Altynjürek», орта, кіші медицина персоналыныңқызметкерлері (жеделмедициналықжәрдем, акушерлер, санитарларжәнет.б.) мен дәрігерлерүшін;
– «Önerkäsıp», өңдеу өнеркәсібі, тау-металлургия кешені және экономиканың басқа да өндірістік секторларының қызметкерлері үшін;
– «Bolaşaq turaly qamqorlyq», арнайы мамандандырылған қызметтер көрсететін инклюзивті оқу орталықтарының, әлеуметтік қызметтер ұсынатын ұйымдардың (балалар үйлері, хоспистер, қарттар үйлері, мүгедектігі бар адамдарға қолдау көрсету орталықтары және басқа) қызметкерлері үшін, сондай-ақ еріктілер үшін;
– «Bılım jäne Ğylym», мектепке дейінгі, орта, ТжКБ, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мекемелерінің педагогтері, сондай-ақ ғалымдар, ғылыми қызметкерлер мен зерттеушілер үшін;
– «Qaisar», апаттық-құтқару қызметтерінің, өрт сөндірушілер және азаматтарды қорғау жүйесінің өзге де ұйымдарының қызметкерлері үшін;
– «Altyn qol», сырлаушы, сантехник, құрылысшы және т.б. жұмысшы мамандықтарының өкілдері, сондай-ақ ПИК, МИБ және елді мекендердің тіршілігін қамтамасыз етуге жауапты ұйымдардың қызметкерлері үшін;
– «Zharyq», энергетика секторы, атом өнеркәсібі және мұнай-газ кәсіпорындарының қызметкерлері үшін;
– «Örken», агроөнеркәсіп кешені, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және азық-түлік өнімдерін өндірусаласының қызметкерлері үшін;
– «Örleu», ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (оның ішінде ЖИ, деректерді талдау және т.б.) және креативті индустрия саласының қызметкерлері үшін.
- Сыйлық лауреаттарына арналған ақшалай сыйақыны демеушілік және өзге де қаражат көлемін ескере отырып, жыл сайын Кеңес айқындайды. Мемлекеттік органдар немесе мемлекет қатысатын ұйымдар тарапынан мемлекеттік бюджет және/немесе материалдық көмек қаражатын пайдалануға жол берілмейді.
Ізденушілерге қойылатын талаптар
- Сыйлық алуға Қазақстан Республикасының 14 жастан бастап 35 жасқа дейінгі (35 жас кірмейді) азаматтары үміткер бола алады.
- Сыйлықты, оның ішінде әртүрлі номинациялар бойынша қайта беруге жол берілмейді.
- Өтінімдер Кеңес белгілеген мерзімде қабылданады. Өтінімді мемлекеттік не орыс тілінде беруге болады. Ізденуші өтінім беру кезінде номинацияны өз бетімен анықтайды.
- Бұл ретте ұйымдастырушылар ол туралы ізденушіні алдын ала хабардар ете отырып, негізделген қажеттілік болған жағдайда номинацияға түзету енгізу құқығын өзіне қалдырады.
- Ізденушінің сыйлық беру конкурсына қатысуға өтінімінде мына мәлімет қамтылады:
– тегі, аты, әкесінің аты (жеке куәлік PDF форматта, қос беті);
– ЖСН нөмірі;
– лауазымы көрсетілген қазіргі жұмыс орны (лауазымы мен жұмыс мерзімі көрсетілген жұмыс орнынан анықтама PDF форматта);
– жұмыс тәжірибесі (жұмыс мерзімі көрсетілген алдыңғы жұмыс орындары);
– ынталандырушы эссе (үміткердің сыйлық алуға лайық екені туралы сұрақтың жауабын ашатын 300-500 сөз);
– ұсыным беретін адамның аты-жөні мен жұмыс орны көрсетілген ұсыным хат (бір беттен аспайтын, Times New Roman 14 қаріппен жазылғанPDF форматта);
– PDF форматтағы алғыс хаттар, мақтау қағаздары мен басқа да марапаттар;
– сыйлыққа үміткердің қызметін жариялайтын сұхбаттарға, БАҚ-тағы мақалаларға сілтемелер;
– ұялы, жұмыс телефонының байланыс нөмірі және электрондық пошта мекенжайы.
Ізденуші өтінім бере отырып, өзінің дербес деректерін жинау мен өңдеуге келісім береді.
- Сыйлыққа үміткерлер jaskenes.kz сайтындағы электрондық нысан арқылы өз бетінше қатысуға өтінім береді. Кәмелет жасқа толмағандардың өтінімін сенімхат (өтінімге қоса берілген) негізінде заңды өкілі (ата-анасы, қамқоршысы, жақын туыстары) жүзеге асырады.
Беру тәртібі
- Келіп түскен өтінімдерді Кеңес мүшелерінің қатарынан құрылған және кемінде 7 (жеті) адамнан тұратын комиссия қарайды.
- Комиссияны оның мүшелері арасынан сайланатын төраға басқарады. Комиссияның құрамын Кеңес Төрағасы бекітеді. Комиссия отырысы, егер оған мүшелерінің жартысынан көбі қатысса, заңды болып саналады.
- Егер мүдделер қақтығысы туындауы үшін айқын немесе әлеуетті негіз болса және қарсылық білдіруге (өздігінен бас тартуға) жататын жағдайда, Комиссия мүшесі ізденушілердің өтінімдерін қарауға қатыспайды.
- Сыйлық алуға ұсынылған кандидатураларды комиссия үш кезеңде қарайды:
– Бірінші кезең, өтінімдерді толтырудың толықтығы мен дұрыстығын техникалық бағалау;
– Екінші кезең, Комиссия мүшелерінің келіп түскен өтінімдерді жеке қарауы. Осы кезең шеңберінде Комиссия мүшелері кеп түскен өтінімдерге тәуелсіз бағалау жүргізеді және әр номинация бойынша кемінде 5 үміткерден тізім құрады;
– Үшінші кезең, іріктелген кандидаттардың (әр номинация бойынша кемінде 5) Комиссия мүшелерімен оффлайн немесе онлайн формата сұхбаты.
Үшінші кезеңде Комиссияның әрбір мүшесі кандидаттарды 5 балдық шәкіл (1-ден 5-ке дейін) бойынша бағалайды. Ең көп балл жинаған екі кандидат өз номинациясы бойынша жеңімпаз болып айқындалады. Баллдар саны тең болған жағдайда түпкілікті шешімді Комиссия төрағасы айтады.
Сыйлық беру
- Кеңес конкурстық іріктеу нәтижелерін жеңімпаздарды анықтаған күннен бастап 7 (жеті) күн ішінде әлеуметтік желілер, бұқаралық ақпарат құралдары және интернет-сайттар арқылы жариялайды.
- Марапаттау рәсімі барысында сыйлыққа ие болған адамдарға тиісті диплом, ақшалай сыйақы беріледі, сондай-ақ іс-шараның серіктестері мен демеушілерінен қосымша бағалы сыйлықтар табыс етілуі мүмкін.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-zaysan/press/news/details/1029974?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау