САРЫАҒАШ ЖАСТАРЫ – ОБЛЫСТЫҚ САЙЫСТЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

 

Бәйдібек ауданында ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында жастар арасында облыстық “Ауыл LIVE” ұлттық ойындар сайысы өтті. Байқауды  Бәйдібек ауданының әкімі Ерлан Нұрмаханов мен Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасына қарасты “Жастар ресурстық орталығы” КММ басшысы Ернар Нұралыұлы ашып, қатысушы жастарға сәттілік тіледі.

 

Сайысқа Түркістан облысының 17 аудан-қаласынан келген жастар қатысып, 6 бағыт бойынша өзара бақ сынасты. Сарыағаш ауданының жастары барлық 6 сайыста жоғары нәтиже көрсетіп, әділқазылар алқасының шешімімен командалық есеп бойынша І орын және 150 000 теңге көлеміндегі қаржылайсыйлыққа  Сарыағаш ауданы жастары иеленді. Бұл жеңіс – аудан жастарының ұлттық дәстүрге деген сүйіспеншілігі мен шеберлігінің нәтижесі.

 

Аудан жастарының облыстық деңгейде топ жарып, жеңіс тұғырынан көрінуі – барша Сарыағаш жұртшылығы үшін зор мақтаныш.

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1029571?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version