Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы анонс
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Агенттігі төрағасының бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларының 2.4-тармақтарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығына сәйкес «Осакаров ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіптік бөлімі» ММ қызметінде 2024 жылға келесі бағыттар бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі:
-талдау объектісінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
-талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы ұсыныстар бойынша келесі байланыс нөмірі арқылы хабарласа аласыз: 8 (72149) 42247 Сагатбек Гүлдана
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prom-osakarovka/press/news/details/1029948?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау