04.07.2025ж Рахат ауылдық округі Қайназар ауылы Мәдениет үйінде Ұлттық домбыра күніне және қазақ музыка өнерінің қайталанбас дара тұлғасы, дарынды компазитор, атақты дирижер Нұрғиса Тілендиевтың туғанына 100 жыл толуына орай “Домбыра халық даналығы” тақырыбында музыкалық сағат өткізілді. Іс-шара барысында ағаш , темір ұстасы Мұратбеков Ерғабыл домбыра үйірмесінің оқушыларына ұлттық музыкалық аспап – домбыраның шығу тарихын, құрылысын, жасалу жолын және қазақ халқының мәдениетіндегі маңызын түсіндірді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbekshikazakh-rahat/press/news/details/1029693?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау