Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының “Ұлт саулығы» хабарында өңір медицинасындағы өзекті мәселелер қозғалды
«Ұлт саулығы» бағдарламасының кезекті шығарылымында Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сержан Назарбек пен облыстық көпбейінді ауруханасының бас дәрігері Марат Жұманқұлов аймақтағы денсаулық сақтау саласында атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы кеңінен әңгімеледі.
Бағдарлама барысында жаңа медициналық нысандардың құрылысы, ауыл тұрғындарына көрсетілетін медициналық көмек, саладағы цифрландыру үдерісі мен вакцинация мәселелері сөз болды.
Толығырақ — жұма күні, сағат 20:00-де «Jambyl» телеарнасында.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-densaulyk/press/news/details/1029896?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау