«Жолың болсын, Жас түлек!» — Жамбыл медициналық колледжінде диплом тапсыру рәсімі өтті
Бүгін Жамбыл жоғары медициналық колледжінің ұйымдастыруымен жас түлектерге арналған «Жолың болсын, Жас түлек!» атты диплом беру рәсімі салтанатты түрде өтті. Медициналық білім мен мейірімділік жолын таңдаған жастар үшін бұл күн – арман мен еңбектің тоғысқан сәті болды.
Іс-шараның ресми ашылу салтанатында сөз алған Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сержан Назарбек салаға жаңа қадам басқалы тұрған түлектерді құттықтап, сәттілік тіледі. Ол өз сөзінде денсаулық сақтау саласының өркендеуі ең алдымен кәсіби әрі білікті мамандарға тікелей байланысты екенін атап өтті.
2024–2025 оқу жылы қорытындысы бойынша жалпы 1041 түлек білім ордасынан қанат қақты. Соның ішінде техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша 917 студент оқуды аяқтады. Олар — «Емдеу ісі», «Мейіргер ісі», «Акушерлік іс», «Фармация» және «Лабораториялық диагностика» мамандықтары бойынша даярланған болашақ медицина қызметкерлері.
Биылғы жазғы шығарылымда барлығы 42 бітіруші топ болды. Оның ішінде 348 түлек мемлекеттік тапсырыс негізінде, ал 569 студент ақылы негізде білім алған. Түлектердің жалпы саны – 917. Оның ішінде мемлекеттік тапсырыс негізінде білім алғандар саны-348, ақылы негізде білім алғандар саны-569 студент. «Мейіргер ісі» мамандығы, «Мейіргер ісінің қолданбалы бакалавры» біліктілігі бойынша орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламалары түлектері-124. Техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары негізіндегі «Емдеу ісі»- мамандығы бойынша – 445, «Мейіргер ісі» – 349, «Лабораториялық диагностика»-5, «Фармация» – 69, «Акушерлік іс» мамандықтары бойынша-45 түлек.
Колледж қабырғасында озат оқып, қоғамдық өмірге белсене араласқан студенттер де назардан тыс қалмады. Оқу озаттығын дәлелдеген 63 түлекке қызыл диплом табысталып, олар «Үздік оқығаны» үшін арнайы медальмен марапатталды. Сонымен бірге, түрлі бағыттағы қоғамдық және спорттық шараларға белсене қатысқан студенттерге де алғыс хаттар мен марапаттар табыс етілді.
«Жолың болсын, жас түлек!» — деген ақ тілектермен өрілген бұл күн, әр жүректе естен кетпес естелік болып қалары анық.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-densaulyk/press/news/details/1029900?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау