«ДОМБЫРА – РУХТЫҢ ҮНІ» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Бүгін «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасында Ұлттық домбыра күніне арналған «Домбыра – рухтың үні» атты мерекелік іс-шара өтті.
Іс-шараның мақсаты – ұлттық өнерді ұлықтап, күй өнерін жас ұрпаққа насихаттау, рухани құндылықтарды дәріптеу.
Бағдарлама аясында «Ақжайық» музыка мектебінің оқушылары ұлттық нақыштағы бірнеше күйді нақышына келтіре орындап, көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Сонымен қатар айтыскер ақындар мен өнер саласының танымал өкілдері арнау өлеңдерін оқып, ұлттық мұрамыздың маңызын жыр жолдарымен жеткізді.
Салтанатты жиында Түркістан қаласы әкімдігінің Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Қадырболат Мұсағалиев құттықтау сөз сөйлеп, дәстүрлі өнерді қолдаудың маңыздылығына тоқталды. Шара соңында белсенді қатысушылар мен өнерпаздар арнайы марапаттарға ие болды.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1030543?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version