Абай ауданының Архат ауылында су құбыры желісі жаңартылып жатыр

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Абай ауданының Архат ауылында су құбыры желісін қайта жаңғырту жұмыстары басталды. Қазіргі таңда жер қазу, құбыр тарту және монтаждау жұмыстары жүргізілуде. 5 арнайы техника мен 15 жұмысшы тартылған.

Құрылыс жұмыстары Ұлттық қор қаражаты есебінен қаржыландырылуда. Су желісін жаңарту ауыл тұрғындарын үздіксіз әрі сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге бағытталған. Жоба жыл соңына дейін толық аяқталып, пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

Дәл осындай жұмыстар жақын арада Кеңгірбай би және Құндызды ауылдық округтерінде де басталады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/1031179?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version