Алматы қаласы Әуезов ауданында Яссауи көшесінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Достық шағын ауданының аумағында су құбыры мен кәріз желілерін тарту бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарының басталуына байланысты 2025 жылғы 9 шілде мен 30 тамыз аралығында Яссауи көшесі кезең-кезеңімен толық шектеледі:

1-кезең: Шаляпин көшесінен Терме көшесіне дейін
2-кезең: Терме көшесінен Абай даңғылына дейін
3-кезең: Абай даңғылынан Ұлағат көшесіне дейін
4-кезең: Ұлағат көшесінен Ақбақай көшесіне дейін
5-кезең: Жеті жарғы көшесінен Науметов көшесіне дейін
6-кезең: Тағзым көшесінен Ш. Қажығалиев көшесіне дейін

Инженерлік желілерді төсеу жұмыстары жердің тығыз тасты құрылымына байланысты ашық әдіспен жүргізіледі. Бұл көлденең бағытта бұрғылау (КББ) әдісін қолдануға мүмкіндік бермейді.

⚠️ Тұрғындар мен автокөлік жүргізушілерінен уақытша енгізілетін шектеулерге түсіністікпен қарап, қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауды және уақытша жол белгілерінің талаптарын қатаң сақтауды сұраймыз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/1031257?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version