Ашық есік күні шарасына Ақтау қаласындағы «Reamed», «Сенім», «Еркемед», қалалық №1 және №2 емханалары, «Ясин», «Нейрон», «Sofie Med Group», «Медикер Каспий», «Ча-Кур», «SMA», «Caspi Med» және «West Medical Corp» емханаларының өкілдері қатысты. Шара барысында дәрігерлер мен мамандар тұрғындарды жеке қабылдап, денсаулығына қатысты сұрақтарды тыңдап, қажетті кеңес берді. Бірқатар азаматтың мәселесі сол жерде оң шешімін тапты.
– Мұндай шаралардың басты мақсаты – тұрғындарға қажетті медициналық кеңес беріп, көкейлерінде жүрген сауалдарға нақты жауап алуына мүмкіндік жасау, — деді Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы Зәмзәгүл Көбенова.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1030715?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау