Бүгін Әл-Фараби ауданы әкімінің аппаратының ұйымдастыруымен Жастар театры ғимаратында Астана күніне арналған салтанатты концерттік іс-шара өтті.
Шара барысында Әл-Фараби ауданының әкімі Маратбек Сәменбекұлы жиналған қауымды Елорда күнімен құттықтап, мерекенің маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан бірқатар белсенді азаматтарына «Алғыс хаттар» табысталып, олардың еңбегі мен қоғамдық белсенділігіне құрмет көрсетілді.
Сахна төрінде эстрада әншілері мен би ұжымдары өнер көрсетіп, көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлады. Өнерпаздар патриоттық әндер мен заманауи туындыларды орындап, Астанаға деген сүйіспеншіліктерін әуен мен би арқылы жеткізді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-al-farabi/press/news/details/1030649?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау