2025 жылғы 7 шілдеде Алматы қаласына жұмыс сапары аясында БҰҰ-ның Елді мекендер жөніндегі бағдарламасының (UN-Habitat) Атқарушы хатшысы орынбасарының м.а. – Ғаламдық шешімдер департаментінің басшысы Рафаэль Тутспен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы Жәнібек Әбдрашов кездесу өткізді.
Кездесу барысында тараптар орнықты урбанизация, климаттың өзгеруіне бейімделу және цифрлық трансформация сияқты өзара іс-қимылдың басым бағыттары бойынша мәселелер талқыланды.
Сондай-ақ тараптар Алматы қ. БҰҰ-ның Орталық Азия мен Ауғанстан үшін орнықты даму жөніндегі өңірлік орталығының жұмысымен танысты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-almaty/press/news/details/1031334?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау