Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У !
2025 жылдың 14 шілдесінде жергілікті уақыт бойынша сағат 11 30 да аудан әкімдігінің мәжіліс залында Facebook әлеуметтік желісі арқылы тікелей эфирде Кербұлақ аудандық мәслихатының VIII шақырылған кезекті ХХVI сессиясы өтеді.
Сессия күн тәртібінде:
- Аудандағы жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, мүгедектігі бар балаларды қамқорлыққа алу, оларды күтіп бағуға жәрдемақы тағайындау, оларға тиімді жағдай жасау мақсатында тұрғын үймен, тиісті құрал жабдықтармен және де мерзімді балалар лагерлеріне жолдамалармен қамтамасыз ету, мүмкіндіктері шектеулі балаларды үйден оқыту барысында атқарылып жатқан жұмыстары туралы.
- Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 қаңтардағы «Әкімдердің мәслихаттар алдында есеп беруін өткізу туралы» № 19 Жарлығына сәйкес, Талдыбұлақ, Көксу ауылдық округ әкімдерінің мәслихат депутаттарының алдында өздеріне жүктелген функциялары мен міндеттерінің орындалуы туралы есептері.
- Өзге де мәселелер қаралады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-kerbulak/press/news/details/1030646?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау