КӨЛІК ҚАТЫНАСЫ МЕН ЖАСТАР САЯСАТЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін аудан әкімі Ербол Жиенқұловтың төрағалығымен аудандық аппарат кеңесі өтті.

Кеңестің күн тәртібінде аудандағы көлік қатынастары мен жолаушылар тасымалының жай-күйі, сондай-ақ аудандық Жастар ресурстық орталығының атқарып жатқан жұмыстары қаралды.

Бірінші мәселе бойынша ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Ербол Әкек баяндама жасады. Оның айтуынша, 2025 жылы 24 көше немесе 24,4 шақырым жол жөнделмек, жалпы құны – 726,5 млн теңге. Жөндеу жұмыстары «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы мен жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылып, қазіргі уақытта басталып кеткен.

Сондай-ақ, аудан бойынша қоғамдық көлікпен қамту деңгейі 97%-ға жетіп, 15 бағытта 33 елді мекенге автобус қатынасы ұйымдастырылған. Қазіргі таңда жолаушыларды тасымалдауға 45 автобус жұмылдырылған, оның ішінде 11-і жаңа, жыл соңына дейін тағы 2 жаңа автобус алу жоспарланып отыр.

Келесі мәселе бойынша аудандық Жастар ресурстық орталығының директоры Нұрбек Жұманазаров жастар саясатының жүзеге асырылу барысы туралы баяндады.

Орталық директорының айтуынша, Меркі ауданында 14-35 жас аралығындағы жастар саны – 25 883 адам, бұл аудан халқының 29,2%-ын құрайды. 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында 530 жас жұмыспен қамтылып, оның ішінде 275-і тұрақты жұмысқа, 136-сы ақылы қоғамдық жұмысқа тартылған.

«Жасыл ел» жобасы аясында 55 жас маусымдық жұмысқа тартылып, 18655 м² аумақ тазартылып, 29 тоннадан астам қоқыс шығарылған. Сонымен қатар, жарты жыл ішінде 744 іс-шара өткізіліп, 22 406 жас қамтылған, 278 волонтерлік акцияға 5694 ерікті жас қатысқан.

Кеңес қорытындысында аудан әкімі Ербол Жиенқұлов жөндеу жүргізіліп жатқан көшелердің сапасын қатаң бақылауда ұстауды, қоғамдық көлік бағыттарының тиімділігін зерделеуді сала бойынша жауапты орынбасары мен бөлім басшысына тапсырды.

Сондай-ақ, жастармен жұмыс бағыттарын жан-жақты күшейтіп, жұмыссыз жастарды жұмыспен қамту ісін салалық бөлімдермен бірлесе жүргізуді, қоғамның барлық салаларында жастардың белсенділігін арттыру бойынша нақты тапсырмалар берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-merke/press/news/details/1030956?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version