«Бір қабатты Шығыс» ауқымды мемлекеттік бағдарламасы аясында Самар ауданында 32 көпбалалы және аз қамтылған отбасын баспанамен қамту үшін екі пәтерлі 16 тұрғын үй салу жоспарланып отыр.
Самар ауылындағы құрылыс жұмыстарының барысын аудан әкімі Серік Жеңісов пен аудандық мәслихаттың төрайымы Гүлнар Шаймарданова тексерді.
«Бұл жай ғана үйлер емес – бұл ондаған отбасының болашаққа деген сенімі», – деді Серік Жеңісов.
Құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Ол Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағановтың жеке бақылауында. Жақын арада алғашқы тұрғындар қоныс тойын тойламақ.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar/press/news/details/1030706?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау