СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында сенбілік жұмыстары Ә.Молдағұлова көшесі №4, 4а, 6, 6а, 8а және Ә.Жангелдин көшесі №24а, 30 мекенжайларындағы көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларында жалғасын тапты.

Аталған іс-шараға жергілікті тұрғындар, аудан әкімі аппаратының және коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері қатысып, аулалардағы ағаштардың қураған бұтақтарын кесу, шөп ору, жалпылама аула тазалау, орындықтарды бояу және балалар ойын алаңшасының элементтерін реттеу бойынша жұмыстар жүргізілді.

Тазалық жұмыстарына 50-ден аса адам қатысып, нәтижесінде 2 тонна қоқыс шығарылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-al-farabi/press/news/details/1031272?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version