ТАЗА ҚАЗАҚСТАН: АУЫЛ ЖАСТАРЫ АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫНА БЕЛСЕНЕ АТСАЛЫСТЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

 

«Таза Қазақстан» республикалық науқаны аясында Сарыағаш ауданына қарасты  Қызылжар ауылдық округінің жастары ауылды абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстарының үлгісін көрсетуде.

 

Жастар ауылдық округке кіреберіс  қақпаны сырлап, қоғамдық орындарға  және «Бүркіт» спорт алаңшасына  ағаштар егіп, арық қазып, су тарту жұмыстарын жүргізді.  Жастар күнделікті кезекпен ағаштарды  суарып, алаңды абаттандыруды әдетке айналдырған. Оған қоса, жол жиегіндегі және ауылдық округ аумағындағы саябақтардағы шөптерді орып, тазалық жұмыстарын атқарды.

#ҮлгіліАуыл

#ЖомартТүлек

#ҚызылжарЖастары

 

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1031211?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version