Ұлы Жеңіске тағзым!

Жарияланды:

Автор:

категорияда
🎗️🎗️🎗️”Ұлы Жеңіске тағзым!🎗️🎗️🎗️
Ағымдағы жылдың 3 мамыр күні  Жаңажол елді мекенінде 9 мамыр Жеңістің 80 жыл толуына орай “Ұлы Жеңіске тағзым!” тақырыбында  дала қызықтары ұйымдастырылды. Шара мектеп директоры Ерболат Есенгелдіұлы,Алғабас ауылдық округінің әкімі Рысбек Ерболатұлы, ардагер ұстаз Есенгелді Насиболлаұлы, ауылымыздың аяулы қызы жыршы-домбрашы Мейрамгүл Қожахметқызының құттықтау сөздерімен ашылды. Шара ең алдымен концерттік бағдарламамен басталып, спорттық шаралармен жалғасын тапты. Сонымен қатар киіз үй тігіліп, жәрменке де ұйымдастырылды. 
Аламан бәйге, құнан бәйге, топ бәйге,🐎 
арқан тартыс,гір тасын көтеру, қол күресі, бағанаға өрмелеу, қазақша күрес, веложарыс сынды ойындар оздырылды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер ұйымдастыру алқасының арнайы дипломдары және ақшалай жүлделермен марапатталды. Аталмыш шараға демеушілік көрсеткен  шаруа қожалықтары мен ауыл азаматтарына қалың көпшілік ризашылықтарын білдіріп, өте тамаша көңіл-күймен тарқасты.
#ҰОС
#9мамыр 
#ЖаңажолЕлдіМекені
 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-akzhaik-algabas/press/news/details/1031166?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version