Алматыда Абай даңғылының бір бөлігінде бір түнге көлік қозғалысы шектеледі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

11 шілде күнгі сағат 23:00-ден бастап 12 шілде күні сағат 08:00-ге дейін Абай даңғылы бойымен батыс бағытта, нақтырақ айтқанда, Назарбаев даңғылынан Абылай хан даңғылына дейінгі аралықта көлік қозғалысы жартылай шектеледі. Шығыс бағыттағы қозғалыста өзгеріс жоқ.

Уақытша шектеулер жылумен жабдықтау желілерін алдағы жылыту маусымына дайындау аясында 1988 жылы пайдалануға берілген магистральдық құбыр желісін жөндеу жұмыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында енгізіліп отыр.

Естеріңізге сала кетейік, көлік қозғалысын шектеу туралы барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram арнасында, аудан әкімдіктері мен басқармалардың әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ. «2GIS» және «Яндекс карталар» сервистерінде жарияланған.

Уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз.

«Алматы жылу жүйесі» ЖШС

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/1032030?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version