“AMANAT” ПАРТИЯСЫ ЕСЕП БЕРІП, ЖАҢА ҚҰРАМ БЕКІТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Бүгін “AMANAT” партиясы Төлеби аудандық филиалының кезектен тыс XLVII конференциясы өтті.
Конференцияға “AMANAT” партиясы Түркістан облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Полат Тұрсынбаев, аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров, мәслихат депутаттары Бердіғали Өмірәлі, Дильмурат Омаров, Талғат Манкеев, Ерболат Жабаев, Сакен Маженов, Нұрдаулет Ажибаев, Бастыков Мұхтар және Үмітбаев Болат қатысты.
Жиынды партияның аудандық филиалының атқарушы хатшысы Шырынбек Оңғаров ашып, жүргізді. Сонымен қатар, Шырынбек Оңғаров филиалдың 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында атқарған жұмыстары бойынша хабарлама жасады.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе – “AMANAT” партиясы Төлеби ауданы филиалының Саяси кеңесі мен Бюро құрамына өзгерістер енгізу туралы ұсыныс талқыланып, конференция делегаттарының бірауыздан қолдауымен жаңа құрам бекітілді.
Жиын соңында филиал жұмысының бағыты нақтыланып, алдағы міндеттер айқындалды.
 
Төлеби аудандық мәслихатының баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-tolebi/press/news/details/1031937?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version