Ақтауда «Есірткісіз Маңғыстау» жобасының таныстырылымы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

3 маусым күні Ақтауда Маңғыстау облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Есірткісіз Маңғыстау» жобасының ресми таныстырылымы өтті, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы.

Жобаның негізгі мақсаты – жастар арасында синтетикалық есірткі және психотроптық заттардың таралуының алдын алу, зиянды заттардың салдары туралы кеңінен ақпарат тарату және бұл мәселеге қоғамның назарын аудару.

Таныстырылымға Маңғыстау облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Мұқаш Оралбай, өңірлік полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі Камиль Будайчиев, «Қоғамдық денсаулық сақтау институты» жекеменшік мекемесінің жетекшісі Эльмира Ақдаулетова мен жоба үйлестірушісі Арслан Индершиев және қоғам, азаматтық, спорт саласының өкілдері қатысты.

-Жоба аясында арнайы ресми сайт пен әлеуметтік желілерде парақшалар іске қосылады. Сол арқылы біз әртүрлі медиаөнімдер әзірлеп, синтетикалық есірткі және психотроптық заттар туралы ақпараттарды ата-аналарға, балаларға, жастарға таратуды көздеп отырмыз. Сонымен қатар, облыста алғаш рет заңсыз жарнамамен күрес жүргізетін кибер еріктілер пулы құрылмақ. Олар арнайы оқыту бағдарламасынан өтіп, сертификат алады. Кейін бұл бағытта ақысыз негізде ерікті қызметін атқаратын болады, – деді Мұқаш Оралбай.

Сондай-ақ, жоба аясында «Есірткісіз Маңғыстау» атты ақпараттық тур ұйымдастырылады. Бұл тур облыстың 5 ауданы мен 2 қаласын қамтитын ақпараттық кездесулерді көздейді. Сонымен қатар, синтетикалық есірткіге тәуелді азаматтар мен олардың жақындарына арналған Telegram-бот және call-орталық іске қосылады.

Іс-шара соңында қатысушылар есірткіге қарсы өз пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын ортаға салды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-zhastar/press/news/details/1031714?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version