Ақтауда «Нашақорлыққа жол жоқ» тақырыбында мобильді ақпараттық науқаны өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақтауда «Есірткісіз Маңғыстау» жобасы аясында «Санаңды сақта» атты жастар апталығы басталды. Апталықтың алғашқы күнінде «Нашақорлыққа жол жоқ» тақырыбында мобильді ақпараттық науқаны өтті, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс-шара барысында еріктілер қала көшелерін есірткіге қатысты графикалық жазулардан тазартты. Сонымен қатар, халық көп жиналатын қоғамдық орындарда ақпараттық брошюралар мен жадынамалар таратылып, тұрғындарға нашақорлықтың зияны мен оның алдын алу жолдары туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Жастар апталығының мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, жастар арасында нашақорлықтың алдын алу.

Апталық аясындағы шаралар алдағы күндері де түрлі форматта жалғасатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-zhastar/press/news/details/1031720?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version