Ақтауда «Soz Battle» жобасының таныстырылымы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақтауда «Маңғыстау облысында пікірсайыс қозғалысын дамыту және жүйелендіру» бағытында жүзеге асатын «Soz Battle» жобасының ресми таныстырылымы өтті.

Іс-шараға өңірдегі белсенді пікірсайысшылар, жастар ұйымдарының өкілдері мен белсенді жастар қатысты. Таныстырылым барысында жоба мақсаты мен мазмұны түсіндіріліп, алдағы уақытта ұйымдастырылатын іс-шаралар бойынша презентация ұсынылды.

Атап айтқанда, жоба аясында өтетін облыстық жаздық және күздік пікірсайыс турнирлері, Маңғыстау облысы әкімінің кубогы үшін республикалық дебат турнирі, сондай-ақ телевизиялық форматта түсірілетін пікірсайыс ойындары жөнінде кеңінен талқыланды.

Жоба жастардың сыни ойлау қабілетін, еркін пікір білдіру мәдениетін және көшбасшылық дағдыларын дамытуға, сондай-ақ өңірде пікірсайыс қозғалысын жүйелеу мен кеңейтуге бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-zhastar/press/news/details/1031760?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version