Білім беру жүйесіндегі мемлекеттік бақылау тексеру, бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.
Мемлекеттік аттестаттауды білім беру саласындағы уәкілетті органның ведомствосы және оның аумақтық бөлімшелері, ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның ведомствосы меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, профилактикалық бақылау арқылы бес жылда бір рет Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне, осы Заңға сәйкес жүргізеді.
Мемлекеттік аттестаттау нәтижелері бойынша мынадай қорытындылардың бірі беріледі:
1) білім беру ұйымының білім беру қызметі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына толық сәйкес келген жағдайда, аттестатталды;
2) білім беру ұйымының білім беру қызметі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, аттестатталмады.
2025 жылдың 1 жартыжылдығында облыстың 38 орта білім беру ұйымдарында мемлекеттік аттестаттау өтті.
11 білім беру ұйымының білім беру қызметі (29%) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес деп танылды.
2025 жылдың соңына дейін тағы 76 білім беру ұйымдарында (шілде -14, қазан -22, қараша -20, желтоқсан-20) мемлекеттік аттестаттауды өткізу жоспарлануда.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-sko/press/news/details/1031561?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау