Аталған фестиваль аясында әр жанр бойынша үздік қаламгерлер марапатталды. Атап айтқанда, драма жанры бойынша Мұрат Холғанат (Қазақстан) 1-орынға, Асылзат Асқарқызы (Қазақстан, Алматы ) 2-орынға, Шавкат Дустмухаммед (Өзбекстан) 3-орынға ие болды.
Поэзия жанры бойынша Шерхан Талапұлы (Қазақстан, Астана) 1-орын, Мирас Асан (Қазақстан, Астана) 2-орын, Олжас Қасымов (Қазақстан, Астана) 3-орын иеленді.
Ал, проза жанры бойынша Нұрбек Нұржанұлы (Қазақстан Астана) 1-орынды, Қанат Мұратбеков (Қазақстан Ақтөбе) 2-орынды, Жавлон Жовлиев (Өзбекстан) 3-орынды қанжығаға байлады. Сондай-ақ, өзге де фестивальге қатысушыларға ұйымдастырушылар атынан алғыс хаттар, дипломдар мен қаржылай сыйақылар табысталды.
Іс-шараға Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов пен Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Нұртас Сали қатысты.
-Аталған фестиваль өңірімізде алғаш рет өткізіліп отыр. Фестиваль аясында шығармашылық байқау жабық түрде өтті. Іс-шараға қазылар алқасының мүшелерімен қоса арнайы қонақтар шақырылды. Ақын-жазушыларға арналған фестиваль алдағы уақытта да өз жалғасын табады. Сонымен қатар, жас қаламгерлерді қолдау мақсатында және олардың бір-бірімен қарым-қатынасын нығайту мақсатында бірқатар мәдени іс-шаралар жоспарланған. Байқаулар өңірлік емес халықаралық деңгейде өтсе жастарымызға үлкен қолдау боларына сенімдіміз,- деді Нұртас Сали.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1032014?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау