9 шілдеде біздің жастарымыз үшін маңызды әрі көптен күткен жоба — коворкинг орталығы ашылып отыр, ол шығармашылықтың, жаңа идеялардың және табысты дамудың нағыз кеңістігіне айналады.
Бұл орталық жай ғана жұмыс орны емес, әрбір жастың өз мүмкіндіктерін аша алатын, пікірлестерін тауып, білім мен тәжірибе алмасып, өз жобалары мен стартаптарын жүзеге асыру үшін қолдау мен шабыт алатын алаң.
Міне, осы жерден өңіріміздің, жалпы еліміздің дамуына елеулі үлес қосатын болашақ көшбасшылар, жаңашылдар, кәсіби мамандар дүниеге келетініне сенімдіміз.
Коворкинг орталығының барлық келушілеріне батыл идеялар, жаңа ашылымдар және өз мақсаттарына сенімді қадамдар тілейміз! Бұл кеңістік табыс пен өзін-өзі жүзеге асырудың екінші үйіне айналсың.
Сіздерді орталықтың ашылуымен құттықтаймыз және де баршаңызды осы орталықтың жастарға ашатын мүмкіндіктерін пайдалануға шақырамыз!
Шахтинск қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shahtinsk/press/news/details/1031864?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау