2025 жылғы 10 маусымда Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінде Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының басшысының төрағалығымен жұмыс кеңесі өтті. Іс-шара ағымдағы жылдың көктемгі шақыруының қорытындыларын шығару және Қарулы Күштерді жас толықтырумен жасақтау жай-күйін бағалауға арналды.
Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары көктемгі шақыру науқаны бойынша оң динамиканы атап өтіп, Астана қаласын жасақтау көрсеткіштері бойынша көшбасшылардың бірі ретінде атап өтті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-ump/press/news/details/1032328?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау