Бүгін Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы мамандары Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай ұйымдастырылған ақпараттық сағатқа қатысты.
Ақпараттық сағат ұлы ақынның қазақ руханиятынан алар орны туралы әңгімеден басталып, әрі қарай қатысушылар:
– ақын өмір сүрген кезең;
– шығармаларының мән-мазмұны мен маңызы;
– тақырыптық ауқымы, ақынның айтпақ ойы;
– ақын шығармаларының бүгінгі күнмен үндестігі туралы жан-жақты ақпарат алды.
Ақын шығармаларының өміршең болатын себебі өзі өмір сүрген қоғамның ең өзекті мәселелелерін көтергенінде екені және кей мәселенің қазіргі қазақ қоғамы үшін әлі де өзекті болып отырғаны тілге тиек етілді. Осы орайда оқу-білімге, еңбекқорлыққа шақырған шығармаларына шолу жасалып, қатысушылар да білгендерін ортаға салып отырды.
«Абай ұлттық мәдениетіміз бен тарихымыздан ерекше орын алатын тұлға» деген оймен ақпараттық сағаттың қорытындысы жасалды.
Ақын шығармашылығын насихаттау іс-шара өткізуге мүдделі болған басқарма мамандарына алғыс айтамыз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-til-damytu/press/news/details/1032324?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау