Алматы қаласында комбат джиу-джитсудан Әлем кубогы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бұл жарысқа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Нигерия, Үндістан, Тунис, Корея, Маврикий, Бангладеш, Пәкістан, Гана және Тәжікстан елдерінен келген спортшылар қатысты.

Осы беделді додада еліміздің намысын Опытное поле ауылынан шыққан спортшы Иэйда Диана абыроймен қорғады. Ол жаттықтырушысы Ктанов Қайрат Құрманғажиновичтің жетекшілігімен 18–36 жас аралығындағы әйелдер арасында 68 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде екі қола медаль жеңіп алды.

Диананы осы елеулі жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз! Біздің ауданымызда осындай дарынды, табанды және еңбекқор спортшылардың өсіп келе жатқаны — үлкен мақтаныш. Олардың табыстары баршаға үлгі әрі шабыт көзі!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-glubokoe/press/news/details/1032429?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version