Ауыл шаруашылығы санағы

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Мемлекет басшысының 2023 жылғы 26 сәуірдегі өкіміне және Үкіметтің 2023 жылғы 29 желтоқсандағы № 1248 қаулысына сәйкес, 2025 жылғы 1 тамыз бен 20 қазан аралығында Қазақстан Республикасының ұлттық ауыл шаруашылығы санағын өткізу туралы шешім қабылданды.
Ауыл шаруашылығы санағының нәтижесінде ауыл шаруашылығы саласының жай-күйінің егжей-тегжейлі және объективті бейнесі алынады, елдің азық-түлік ресурстарын қалыптастырудағы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер, әрбір санатының рөлі туралы толық деректер алынады.
Қаржыландыру көздері: Республикалық бюджет қаражаты.
Ауыл шаруашылығы санағын өткізу мақсаты мен міндеттері: – ауыл шаруашылығының нақты жағдайы туралы толық ақпарат алу;
– өнімнің тиімділігін және ауылшаруашылығы өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған әлеуметтік-экономикалық саясатты әзірлеу;
– іріктемелі бақылаулар мен бір реттік жазбаларды жүргізу үшін шаруашылық жүргізуші субъектілердің жалпы санын жаңарту.
Өткізу мерзімдері: Ауыл шаруашылығы санағы жүргізіледі:
– 2025 жылғы 1 тамыздан 31 тамызға дейін 30 күн ішінде арнайы веб-порталда өзін-өзі толтыру әдісімен;
– сауалнаманы толтырмағандардың тізімін жасау үшін 20 күн ішінде одан әрі өңдеу жүргізіледі.
– санақ 2025 жылғы 20 қыркүйектен 20 қазан 30 күн аралығында, санақ қызметкерлерін тарта отырып, жеке әңгімелесу әдісімен және планшеттерді қолданумен жүргізіледі.
Санақ субъектілері: – заңды тұлғалар және (немесе) олардың құрылымдық және оқшауланған бөлімшелері, дара кәсіпкерлер, оның ішінде мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы және балық шаруашылығы қызметін жүзеге асыратын шаруа немесе фермер қожалықтары;
– жеке шаруашылығын жүргізуге арналған жер учаскелері (дача, бақша, көкөніс учаскелері) және/немесе ауыл шаруашылығы жануарлары бар үй шаруашылықтары
Санақ объектілері: Жер және егістік алқабы; ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстардың саны; ауыл шаруашылығы машиналары мен жабдықтары; мал шаруашылығы кешендері мен құс фабрикалары; өндірістік ғимараттар мен ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарды ұстауға арналған үй-жайлар; ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтауға арналған ғимараттар мен құрылыстар
Санақ қамтылуы: Қазақстан Республикасының барлық аумағында
Тартылған кадрлар: Санаққа 5 мыңнан астам санақ қызметкерлерін – нұсқаушыларды, интервьюерлерді тарту жоспарлануда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ile-kurti/press/news/details/1032124?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version