Биылғы жылдың 10-18 шілде аралығында Ақтөбе облысының аумағында “Бекет-2025” ведомствоаралық оқу-жаттығулары өтеді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

Жыл сайын өткізілетін бұл оқу-жаттығулар жергілікті атқарушы органдардың, құқық қорғау және арнаулы қызметтердің ықтимал төтенше жағдайлар мен өзге де қауіптерге жедел ден қоюға дайындығын тексеруге бағытталған.

Оқу-жаттығу аясында оқу дабылымен күштерді көтеру, әскери және арнайы техника легінің қозғалысы, сондай-ақ түрлі қызметтердің бірлескен іс-қимылдарын пысықтау көзделген.

Әскери техниканың пайда болуы және көлік қозғалысының уақытша шектеулері жоспарланған іс-шаралардың бір бөлігі екендігіне назар аударамыз. Тыныштықты сақтауды, тек ресми дереккөздерге сенуді және туындаған  қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз. Барлық іс-шаралар оқу-жаттығу шеңберінде өткізіледі және халыққа қауіп төндірмейді.

Сондай-ақ азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтауға және тартылған мемлекеттік органдар өкілдерінің заңды талаптарын орындауға шақырамыз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/1032107?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version