Хабарландыру

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт Министрінің                       2023 жылғы 1 тамыздағы № 211 бұйрығымен бекітілген «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларының» 3-тарауына сәйкес  Ақсу ауданы, Жансүгіров  ауылының Есенқұл Маманұлы көшесі жанындағы екінші, үшінші және төртінші  бұрылыстардағы жаңа көшелерге атау беру бойынша жергілікті қауымдастық кеңесімен бірлескен жиналыс өтті.  

Қабылданған қаулы: Жансүгіров  ауылының Есенқұл Маманұлы көшесі жанындағы екінші бұрылыстағы жаңа көшеге Сабырбаев Ақыш Ғалымжанұлының атын беру туралы ұсыныс мақұлдансын. Ұсынысты қолдап дауыс бергендер саны – 14 адам. Қарсы қалыс жоқ.  

Есенқұл Маманұлы көшесі жанындағы үшінші бұрылыстағы жаңа көшеге Рызабеков Бостанның атын беру туралы ұсыныс мақұлдансын. Ұсынысты қолдап дауыс бергендер саны – 17 адам. Қарсы қалыс жоқ.  

 Есенқұл Маманұлы көшесі жанындағы төртінші  бұрылыстағы жаңа көшеге Андабаев Ахметкалидың атын беру туралы ұсыныс мақұлдансын.  Ұсынысты қолдап дауыс бергендер саны – 11 адам. Қарсы қалыс жоқ.  

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-aksu/press/news/details/1032147?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version