Қауіпсіздік – басты міндет…

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шымкент қаласы «Мұз Сарайы» ғимаратында жергілікті Ұлттық қауіпсіздік комитеті Терроризмге қарсы орталығының бөлім басшысы В.Марцинечконың бастамасымен және Шымкент қаласы әкімі аппараты терроризмге қарсы комиссияның жұмысын қамтамасыз ету бөлімі қызметкелерінің қатысуымен ғимараттың террористік тұрғыдан беріктігі туралы ақпараттық-түсіндірме семинар-жиналысы өткізілді.

Қатысушыларға бірінші кезекте қазіргі заманғы террористік сипаттағы қатерлер туралы түсіндіріліп, «Террористік сипаттағы қауіп туындаған жағдайда басшылар мен қызметкерлердің бастапқы әрекеттерінің алгоритмі» жеткізілді.

Шара барысында жаңадан қабылданған сала бойынша нұсқаулықтардың талаптары жеткізіліп, ТТО объектілердің инженерлік-техникалық қамтамасыз етілуі жайында сөз қозғалды.

Жиналыста ТТО объектісінің меншік иелерінің, басшыларының немесе өзге де лауазымды тұлғаларының қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша заңды талаптарды орындамағаны үшін көзделген жауапкершілік шаралары туралы еске салынды.

 

Материал Шымкент қаласы бойынша

Терроризмге қарсы комиссия аппаратының

ақпараты негізінде дайындалды           

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/antiterrosticheskiy-centr/press/news/details/1032339?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version