Әкімшілік рәсімдер мен әкімшілік актілердің біркелкілігі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Әкімшілік рәсімдер мен әкімшілік актілердің біркелкілігі

1. Әкімшілік рәсімдер қолдануға жататын барлық құқық көздерін, оның ішінде құқықтық қағидаттарды, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларын айқындау негізінде, сондай-ақ қолданылған әкімшілік рәсімдерді және осыған ұқсас мәселелер бойынша бұрын қабылданған әкімшілік актілерді ескере отырып, нақты (жеке) қатынастарға құқық нормаларын қолдану жолымен жүзеге асырылуға тиіс.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі, әкімшілік органдар негізінде және орындау үшін Әкімшілік рәсімдер жүзеге асырылатын қабылданатын нормативтік құқықтық актілердің нақты және әртүрлі түсіндіруге жатпайтын мағынасына кепілдік бере отырып, Әкімшілік рәсімдер мен әкімшілік актілердің біркелкілігін қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдайды.

3. Әкімшілік органдар әкімшілік актілердің үлгілік нысандарын (үлгілерін), бланкілерін әзірлеу және бекіту жөнінде шаралар қабылдауға тиіс.

4. Әкімшілік органдардың басшылары бір типті мәселелерді шешу және әртүрлі әкімшілік актілерді қабылдау жағдайлары мен себептерін анықтау үшін бірдей құқықтық нормаларды қолдану мәселесі бойынша Әкімшілік рәсімдер мен әкімшілік актілерге талдау жүргізуді қамтамасыз етеді.

Әкімшілік органдардың әкімшілік рәсімдердің біркелкілігін қалыптастыру жөніндегі қызметі Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kamystin-audany-akimat/press/news/details/1033064?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version