Ағымдағы жылдың 8 шілдесінде Атбасар ауданына жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Талғат Тұрлыбекұлы Жүсіпов келді.
Аудандық мәслихат төрағасы Нұржан Бектұрғанұлы Рахимов, аудандық мәслихат депутаттары-Руслан Қайратұлы Досмұханов, Назгүл Әлімқызы Жәкішева осы жұмыс сапарына қатысты.
Сапар аясында сенатор тұрғын үй-коммуналдық және әлеуметтік салалардағы, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешендегі бірқатар жобалардың іске асырылуымен танысты.
Сенатордың сапары бағдарламасына 100 пәтерлі тұрғын үйге, аграрлық-индустриялық колледжге, орталық қазандыққа бару, «Бастау» ЖШС сүт-тауар фермасы құрылысының барысымен танысу және «AMANAT» партиясының филиалында азаматтарды қабылдау өткізілді. Отбасы, әлеуметтік төлемдер және т. б. мәселелер бойынша өтініштер келіп түсті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-atbasar/press/news/details/1033465?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау