Қоғамдық орындарда орналасқан модульді дәретханалардың жағдайын жақсарту мақсатында жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.
– Сыртқы қаптамасы жаңартылды;
– Жаңа жарықтандыру орнатылды;
– Есіктер ауыстырылып, ұсақ жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Барлық дәретханалар тегін және халық көп жиналатын қоғамдық орындарға жақын орналасқан.
Модульді дәретханалардың орналасқан жерлері:
– 2 дәретхана — Триатлон саябағында, Арқар көпірінің астында;
– Ақбұлақ өзенінің жағалау бойы;
– «Жалайыр» саябағы;
– «Встреча» сауда үйі;
– М. Жұмабаев даңғылы жағынан «Жерұйық» саябағы;
– «Жерұйық» саябағының орталық бөлігі;
– «Отан қорғаушылар» алаңы;
– Әл-Фараби атындағы оқушылар сарайы;
– Б. Момышұлы саябағы.
Аудан тұрғындары мен қонақтары үшін қолайлы жағдай жасау — елордамызды абаттандырудағы басты басымдықтардың бірі.
Егер модульді дәретханалардың күтімі мен қызметіне қатысты қосымша сұрақтарыңыз болса, келесі нөмірге хабарласа аласыз:
+7 (775) 977-70-39 — Алимжан Раимбеков, өндірістік-техникалық бөлімінің басшысы.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-almaty/press/news/details/1033113?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау