БІРҚАТАР ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРДЫҢ ЖӨНДЕУ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС БАРЫСЫ ҚАРАЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Аудан әкімі Бақытжан Мұқанов жұмыс сапары аясында аудан аумағындағы бірқатар әлеуметтік нысандардың жөндеу және құрылыс барысын тексеріп өтті.

Сапар барысында аудан басшысы Байтуған ауылындағы мәдениет үйінің ағымдағы жөндеу жұмыстарының жүргізілу барысын тексеріп, құрылыс алаңындағы бірқатар техникалық қателіктер мен кемшіліктерге назар аударды. Мердігер мекеме өкілдеріне аталған олқылықтарды қысқа мерзім ішінде жою жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

Сондай-ақ, Құланөтпес ауылында салынып жатқан медициналық пункттің құрылысы бақылауға алынды. Аудан әкімі құрылыс жұмыстарының сапасы мен бекітілген мерзімдердің сақталуына айрықша көңіл бөлді.

Нұра кентінде салынып жатқан Өнер үйінің құрылысы мен дәрігерлер үйінің қайта жаңғыртылу жұмыстары да назардан тыс қалмады. Бұл нысандар бойынша да анықталған кейбір техникалық сәйкессіздіктер бойынша нақты тапсырмалар беріліп, жұмыс қарқынын бәсеңдетпеу қажеттігі атап өтілді.

Аудан әкімі нысандардың тек сапалы әрі мерзімінде аяқталуы ғана емес, сондай-ақ олардың аумағын абаттандырудың да маңызды екеніне тоқталды. Құрылыс аяқталғаннан кейінгі іргелес аумақтар санитарлық талаптарға сай ретке келтіріліп, эстетикалық тұрғыдан тартымды болуы – тұрғындардың жайлылығы мен елді мекеннің көркін арттырудағы маңызды көрсеткіш екенін атап өтті.

Сонымен қатар, аудан басшысы кентте салынып жатқан балаларға арналған этно-лагерь құрылысының жұмысын қарап өтті. Қазіргі уақытта балаларға тұруға арналған киіз үйлер құрылысы аяқтау шегіне жетті. Сондай-ақ, лагерь аумағын аббатандыру көгалдандыру жұмыстары белсенді жүруде.

Сапар аясында Нұра кенті мен Көбетей ауылы арасындағы республикалық маңызы бар жолдағы күрделі жөндеу жұмыстарының барысы тексерілді. Аудан басшысы аталған жол бойындағы жөндеу жұмыстарын күнделікті бақылауда ұстауда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-nurinsk/press/news/details/1033453?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version