БЛОКБЕКЕТТЕР, РЕЙДТЕР, МОБИЛЬДІ ТЕКСЕРУЛЕР: АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ КҮРЕС БЕЛСЕНДІ ЖҮРУДЕ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Қарасора-2025» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы мен «STOP-Есірткі» акциясы аясында Алматы облысының аумағында есірткі қылмыстарын анықтау және кесу бойынша ауқымды жұмыстар атқарылуда.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жол-патрульдік полициясымен және Алматы көлік прокуратурасымен бірлесіп, республикалық маңызы бар автожолдарда бірқатар профилактикалық және рейдтік іс-шаралар өткізді. Әсіресе «InDriver» мобильді қосымшасы арқылы жүк тасымалдайтын жүргізушілерге ерекше назар аударылып отыр.

Облыс аумағына кіріп-шығу бағыттарын қатаң бақылау мақсатында екі бірдей түнгі жылжымалы блокбекет қойылды. Полицейлер сол арқылы көліктерді тексеріп, күдікті бағыттарды бақылауға алып, есірткі заттарын тасымалдау арналары бойынша жедел ақпараттарды пысықтайды.

– «Қарасора-2025» аясында кең көлемді жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Негізгі мақсатымыз – заңсыз есірткі айналымын анықтап, жолын кесіп, жеткізу арналарына тосқауыл қою, сондай-ақ облыс аумағында есірткі қылмыстарының алдын алу, – дейді наркополицейлер.

Есірткіге қарсы күрес тәулік бойы жалғасуда. Құқық қорғау органдары азаматтарды белсенділік танытып, есірткіге қатысты құқықбұзушылықтарды полицияға хабарлауға шақырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-alm/press/news/details/1033246?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version