Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқарма жанынан құрылған Call-center тегін аударма қызметіне жүгінген жеке кәсіпкерлерге «Жедел желі» арқылы тегін аударма жұмысы көрсетілуде.
Осы әлеуметтік жоба аясында ұйымдастырылған «Жедел желі» қызметі арқылы мамандар сәуір айынан бастап 120-дан астам тегін аударма жұмысын жүргізді.
Call-center қызметіне жүгінген нысандардың арасында «Cosmonaut» қонақ үйі және «Fitness First» фитнес клубы да бар. Бұл ғимаратта барлық дерлік ақпараттар мен жарнамалар, хабарландырулар, сондай-ақ ережелер де тек орыс тілінде берілген болатын.
Бүгінгі таңда түсіндірме және әдістемелік көмектің арқасында барлығы да мемлекеттік және орыс тілінде беріліп отыр.
Тіліміздің мәртебесі арта берсін!
Көрнекі ақпараттардың түзетілген нұсқасын көру үшін суреттерді жылжытсаңыз, нәтижесін көруге болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-til-damytu/press/news/details/1033494?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау