Талас ауданының 100 оқушыcы Жұрындысай лагерьіне 1 маусымына демалысқа кетті. Бұл жерде балалар көңілді, қызықты уақыт өткізеді. Арасында көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар да бар. Жазғы ашық алаңда балалардың жазғы демалыс кезеңде бос уақытын тиімді ұйымдастыру үшін барлық жағдайлар жасалған. Лагерге келушілерді күн сайын оқушылар сарайының медбикесі тексеріп, сауықтыру іс-шаралары мен гигиена бойынша әңгімелер өткізеді. Күнделікті жоспар бойынша таңертеңгі флешмобтар, тәрбие сағаттары, байқаулар ұйымдастырылады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-talas/press/news/details/1032841?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау