Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің департаменті сәуір айының бірінші жартысында Орал қаласы бойынша «№1 қалалық емхана», «№2 қалалық емхана», «№5 қалалық емхана», «№6 қалалық емхана» ШЖҚ МКК-на барып емхана дәрігерлерімен «Рецептуралық сауаттылық» тақырыбына семинар өткізді.
Іс-шараның мақсаты – Орал қалалық емханасының дәрігерлерінің рецептер жазудағы жиі кездесетін қателіктерін азайту және болдырмау. Дәрігерлерге №ҚР ДСМ-112/2020 бұйрығы аясында рецептерді дұрыс жазу тәртібі түсіндіріліп, электрондық рецепттерге байланысты мәселелер қаралды.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық» туралы кодексінің 82- бабына сәйкес, медицина қызметкерінің Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген, рецептер жазып беру жөніндегі талаптарды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-zko/press/news/details/1032846?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау