Аудандық мәслихаттың кезектен тыс отыз сегізінші сессиясының жұмысына аудан әкімінің орынбасары Ақшолақов Қайрат Серікбайұлы қатысты.
Сессия отырысында күн тәртібіне сәйкес:
1) Шалқар аудандық мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы №366 «2025-2027 жылдарға арналған Шалқар аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Хабарламашы: А.Қорқытұлы – «Шалқар ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.
2) Шалқар ауданнының бюджетінен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемақының мөлшерін белгілеу туралы.
Хабарламашы: А.Қорқытұлы – «Шалқар ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.
3) Шалқар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 17 қаңтардағы № 366 «Шалқар ауданы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық –демографиялық саясат жөніндегі комиссияның дербес құрамы туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
Хабарламашы: С.Джуманов- Шалқар ауданы әкімінің орынбасары
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-shalkar/press/news/details/1033486?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау